Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 49 адам анықталды

873

Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 49 адам анықталды

 

ПТР-зерттеу 49 адамда COVID-19 барын растады. Дертке шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 32 қарағандылық, Теміртау қаласының алты тұрғыны, Саран қаласының бес тұрғыны, бір жезқазғандық және Шет ауданының бес тұрғыны бар.
Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.

Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

27 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 754 оқиға тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 204 адам сауығып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу