Қарағанды облысында өткен тәулікте жолда қалған 200-ден астам адам құтқарылды

826

Боранда жолға шығып кеткен көлік жүргізушілері 15 тәулікке қамауға алынады немесе айыппұл төлейді.    

Қарағанды облысында өткен тәулікте жолда қалған 200-ден астам адам құтқарылды Фото: ТЖД Қарағанды

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында тұрып қалған көліктерден 200-ден астам адам эвакуацияланған.

3 қаңтар күні сағат 12:30-дан бастап 80 жеңіл автокөлік қар құрсауында кептеліп қалды. Жақын елді мекендерге 202 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды және жеткізілді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтері жұмылдырылды.

Ақтау кентінен құтқарушылар жоғары өтімді техникамен үш жүкті әйелді эвакуациялады.

Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды.

Қарағанды облысында тәртіпке көнбеген көлік жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 3-4 қаңтар күндері ауа-райының күрт өзгеріп, ақтүтек боран болуына байланысты республикалық маңызы бар және облыс аралығындағы тас жолдар жабылды.

Біздің қызметкерлердің бірнеше рет ескерту жасауларына қарамастан кейбір жүргізушілер жолға шығып кеткен жағдайлар да кездесті. Атап айтқанда үш жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, боранға қарамастан жолға шығып кеткен. Олардың жеке бастары анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667 бабына сәйкес, яғни  "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды  талабына бағынбау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған бапқа сәйкес құқық бұзушыға он үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Талғат Оспанов.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы барлық тас жолдарда 200-ге жуық көлік тұр. Оларды жақын маңдағы елді-мекендерге жеткізу үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс атқаруда.

Айта кету керек қаңтар айының 3 мен 4 аралығында қала орталығында, жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы және жол жүру ережелерін сақтамау салдарынан 27 ұсақ жол-көлік оқиғалары тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу