Қарағанды облысында өз балаларын өлтірді деген күдікті әйел психиатриялық есепте тұрған

383

Ресми емес мәліметтерге сәйкес, анасы оларды түскі ас кезінде төсекте жатқан жерінде тұншықтырған.

Қарағанды облысында өз балаларын өлтірді деген күдікті әйел психиатриялық есепте тұрған Фото: видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында өз балаларын өлтірген әйел психиатриялық есепте тұрған

Бұқар Жырау ауданы, Гагарино ауылында екі баласын өлтірген деген күдікпен ұсталған ана туралы тың дерек. Ана психиатриялық есепте тұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

2 және 4 жастағы қыздардың қайтыс болғаны туралы өгей әкесі хабарлады. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, анасы оларды түскі ас кезінде төсекте жатқан жерінде тұншықтырған.

Ал, ер адам бәрін кешке жұмыстан оралған кезде ғана көрген. Отбасында алты айлық бала бар. Қазір оны  балалар үйіне алып кетті. Барлық балалар басқа ер адамнан екендігі белгілі болды. Анасы небәрі 21 жаста. Ал, кент әкімдігінің мәліметінше әйел адам бірнеше жыл психиатриялық есепте болған. Көршілерінің айтуынша, балалар ылғи шаршаңқы, аш жүретін көрінеді. Оларды тіпті  көшеге ойнауға да шығармай ұстаған. Оның үстіне үйден ешқандай тамақ табылған жоқ. 

 "Біз олармен байланыста болған жоқпыз. Оларға ешкім бармайды. Олар ешкімге бармады. Күйеуі балаларды анасымен бірге қыста далаға қуып шығып отыратын. Ол көршілеріне баратын. Содан кейін учаскелік полиция шақырады. Полиция қызметкері үнемі осы үйге келеді. Жанжал бұл отбасыда ылғи болатын", - деді Гагарино ауылының тұрғыны. Зухра Ходжаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу