Қарағанды облысында патрульдік полиция қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты

476

Оқиға 15 ақпан күні түнгі сағат 22:40 шамасында болған деп жазады inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қарағанды облысында патрульдік полиция қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Абай қаласының патрульдік полиция қызметкерлері қаладағы Промышленная көшесінің бойында өртеніп жатқан жекеменшік үйді көріп, дереу оқиға орнына барған.

"Тоқтай бергенімізде біздің қызметтік көліктің алдынан қолында кішкентай баласы және жанында жасөспірім қызы бар азаматша жүгіріп шығып, "Үйімізден өрт шықты. Көмектесіңіздер!" деп айқайлады. Сондай-ақ азаматша газ баллоны барын айтты. Азаматшаны балаларымен көлікке отырғыздық. Мен бірден кезекші бөлімге хабарласып, өрт сөндірушілерді шақырдым", - деді төтенше жағдайға бірінші болып жеткен Мейіржан Дүйсекенов.

Осы уақытта Мейіржанның серіктесі Азамат Тастенұлы жанып жатқан үйге қарай жүгірген.

"Үйдің кіре берісі түгел отқа оранғандықтан ол жерден ішке кіру мүмкін болмады. Бір кезде сол маңда жүрген бір азамат үйдің арт жағынан маған газ баллоны тұрған жерді көрсетті. Ол жерге терезе арқылы кірдім. Ол кезде үйдің төбесі жанып, іші түтінге толып кеткен еді. Қолымдағы қолшамды жағып, газ баллоны тұрған жерді тауып алдым. Жалғанған құбыршегін кесіп, баллонды далаға алып шықтым", - дейді Азамат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу