Қарағанды облысында пойыз апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты

317

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Қарағанды облысында пойыз апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Жол апаты туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 00:54-те Ақадыр-Қарағанды учаскесінде Жарық-Дария жол аралығында күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатып, алдына Mazda маркілі жеңіл көлігінің шығуына байланысты тежегішті басқан. Өкінішке қарай, пойыз жеңіл көлікті қағып өтті", – делінген компанияның хабарламасында.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан мерт болды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қаже, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу