Қарағанды облысында пойыз соққан екі жастағы бала көз жұмды

140

Қайғылы жағдай 1 маусым күні Қарағанөзек пен Қарабас станциялары арасындағы теміржол өткелінде болған. 

Қарағанды облысында пойыз соққан екі жастағы бала көз жұмды Фото: «Астана» телеарнасы

Қарағанды облысында теміржолда пойыз қағып кеткен екі жасар бүлдіршін қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәліметке сүйенсек, жүк пойызының машинисі теміржол үстінде жүрген баланы байқап, шұғыл тежеу жүйесін қосқанымен, соқтығыстың алдын ала алмаған. Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше күн бойы дәрігерлер оның өмірі үшін күресті.

– Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке қарай, баланың жағдайы өте ауыр болды, оны аман алып қалу мүмкін болмады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 344-бабы (– Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары баланың теміржолға қалай шыққанын және оған кім жауапты екенін анықтауға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу