Қарағанды облысында пойыздан жүйелі түрде дизель ұрлаған 17 адам ұсталды

564

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қарағанды облысында пойыздан жүйелі түрде дизель ұрлаған 17 адам ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының полиция департаменті жүйелі түрде теміржолдың жылжымалы құрамынан дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық топты ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық полиция департаменті мен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

Сондай-ақ бұл шараға Сұрыптау желілік полиция бөлімі мен Қарағанды облысы көлік прокуратурасы қатысқан.

Нәтижесінде пойыздардан дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталған. Бұл заңсыздыққа қатысы бар 17 адам күдікті ретінде танылып отыр.

"Жедел іздестіру жұмыстары барысында 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 7 телефон дәне есірткіліз заттар тәркіленген. Бұдан бөлек күдіктілерден атыс қаруы мен оған арналған 26 дана оқ-дәрілер анықталды. Бұл қарудың 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелгені белгілі болды", – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу