Қарағанды облысында полиция қызметін жабдықтауға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғайтылды

1011

 Қарағанды облысында полиция қызметін жабдықтауға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғайтылды

Қарағанды облысында биылғы жылы полиция қызметін жабдықтауға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғайтылды. Алдағы екі жылда ішкі істер органдарының қажеттіліктеріне шамамен 4 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық мәслихат сессиясы барысында депутаттар алдында жасаған есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
"Біздің учаскелік инспекторларымыз бен жол-патруль қызметкерлері тиімдірек жұмыс істей бастады, - деді Ерлан Қошанов. – Соның арқасында ұрлық көлемі 20%-ға, қарақшылық пен бұзақылық 40%-ға, қоғамдық жерлердегі тәртіп бұзушылықтар 7,1%-ға қысқарды". 
Биылғы жылы ішкі істер органдары үшін 136 автокөлік, мыңға жуық видеотіркеуші құрылғылар мен радиостанциялар, сонымен қатар қару-жарақ сатып алынды.

Айта кету керек, алғаш рет қаржыландыру көлемі 2014-ші жылдан ұлғайтыла бастаған. 
"Бұл жұмыс әрі қарай да жалғаса береді. Біз алдағы екі жылда шамамен 4 млрд теңгені ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қамсыздандыруына бағыттамақпыз", - деді облыс әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу