Қарағанды облысында пошта арқылы дәрілерді жеткізу қызметі тестіленуде

860

 Қарағанды облысында пошта арқылы дәрілерді жеткізу қызметі тестіленуде

Дәрілерді пошта арқылы жеткізу биылғы жылы пилоттық режимде Қарағанды облысында енгізілмек. Ол туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Қазір облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде, қызмет көрсетудің ұйымдастыру-техникалық мәселелері шешіліп жатыр", - деп растады "Қазпоштаның" Қарағанды филиалы.
Пошташы дәрілерді тек жазылған рецепт бойынша ғана беретін болады. Емдеуші дәрігер пациентке жазылған дәрмектерді пошта арқылы жеткізу мүмкіндігін ұсынатын болады деп болжалуда. Егер науқас келісетін болса, емделушінің өтінімі мен мекенжайы Қазпошта қызметкерлеріне беріледі. Олар өз кезегінде дәріханадан дәрігердің жазған рецептіне сай дайындалған және барлық талаптарға сай оралған дәрмектерді алып кететін болады және де ол дәрілер науқастың мекенжайы бойынша жеткізіледі. 
Пилоттық жобаны жұмыс істеу кезінде бұл қызмет науқастар үшін тегін болады. Тариф пен мүмкін болатын жеңілдіктерді эксперимент аяқталған соң денсаулық сақтау министрлігі анықтайды. 
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, дәрілерді пошта арқылы жеткізу "үнемді" болып табылады. Алайда бірінші кезекте оны ауыр халдегі науқастар үшін енгізу көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу