Бұл тасжол өңірді Баянауыл курорттық аймағымен байланыстырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жол құрылысы маусымы аясында мамандар "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" тасжолының жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын бөлігін жөндеу жұмыстарымен қамтыды. Жөндеу жұмыстары Үміткер ауылынан Ботақара ауылына дейінгі жол учаскесінде жүргізіліп жатыр.
Жөндеу жұмыстарына дейін жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз болды. Жолшылар ресайклинг технологиясын қолдану арқылы жолдың асфальт жабынын жаңартты.
40 шақырымнан астам жол жөнделіп, жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды. Жөндеу жұмыстарына 35-тен астам арнайы техника мен 50-ге жуық маман жұмылдырылды.
Жаздың аяғына дейін тағы 20 шақырым жол жөнделеді.