Қарағанды облысында санитария бекеттері алынып тасталады

814

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағанды облысында санитария бекеттері алынып тасталады

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Залыгин Қарағанды облысымен шектесетін өңірлерде коронавирус жұқтырған азаматтардың төмендегенін ескере отырып, жаңа қаулы (№46) шығарды.

Оған сәйкес, облыстың бас санитарының 17 қазандағы №39 қаулының 40 және 52 тармағының бірінші тармақшалары алынып тасталды.

"Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №41 "Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан Қарағанды облысының сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттерді орнату туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген №46 қаулыда .

Облыстың жаңа қаулысы 18 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу