Бұл туралы Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Департаменттің мәліметінше, 20 қыркүйекте ер адам демалыс үйінің аумағынан шығып, қайта оралмаған.
Қарқаралы қаласынан 8 шақырым жерде, "Шахтер" демалыс үйінің ауданында ТЖД, полиция бөлімі және орманшылар күшімен жоғалып кеткен 1962 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілді.
"21 қыркүйек күні іздеу тобы жоғалған адамды "Шахтер" демалыс үйінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде тапты. Ер адам медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу