Қарағанды облысында шағын МӨЗ салынады

619

Қарағанды облысында шағын МӨЗ салынады

Қарағанды облысының Атасу кентінде шағын мұнай өңдеу зауыты салынады. Құны 300 миллиард теңгеден асатын жобаны сингапурлық инвесторлар жүзеге асырмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Құрылыс үш жылға жоспарланған. Келешекте жаңа зауыт жылына 1 миллион тоннаға жуық мұнай өңдемек. Ал одан алынатын жанар-жағар майдың сапасы Еуро-5 стандартына сәйкес келеді.

Өндірістегі бұл жаңа технология әзірге Қазақстанда бірінші рет қолданылғалы отыр екен. Жоба жетекшілері бұған қоса Қазақстанда 260 жанар-жағар май құю бекетінің салынатындығын айтады. Сөйтіп, мұнай өнімдерімен Қазақстан нарығының 10 пайызын қамтамасыз етпек.

"Мен бұл жобаның болашағына сенемін. Біз Қазақстанға жаңа технологияны әкеліп отырмыз. Сондықтан өнім сапасы аса жоғары болады. Әрі зауыттың экологияға да еш зияны жоқ. Жуық арада біз Атасу кентінің маңынан жұмысшылар ауылын саламыз. Қаншама әлеуметтік нысандар бой көтереді. Ең бастысы, 800 адам тұрақты жұмыс табады", - дейді жоба инвесторы Баласубраманиан Рагунандан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу