Қарағанды облысында шаруашылықтар блок-бекеттердің электрондық базасына енгізілді

944

Биыл өңірде 1 млн га алқапқа жаздық егіс егіледі деп жоспарланған.

Қарағанды облысында шаруашылықтар блок-бекеттердің электрондық базасына енгізілді

Қарағанды облысында мыңдаған шаруашылық блок бекеттердің электрондық базасына енгізілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ енді фермерлер Qoldau жүйесі арқылы облыс орталығына жол жүруге өз өтінімдерін өз бетінше беруге мүмкіндік алды.

Биыл өңірде жаздық егіс 1 млн га алқапқа егіледі деп жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар үлкен алқапты алады – 900 мың га жуық. Майлы және азықтық дақылдар алқабы 28 мың және 65 мың га-ға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ картоп пен көкөніс отырғызылады.

Егіс алқабына 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңға жуық тұқым сепкіш шығады. Бүгінгі таңда техниканың дайындығы жүз пайыз шамасында.

Облыс фермерлері тұқымдармен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген. Арзандатылған дизель отынымен жабдықтау жүріп жатыр.

Аграрлық несие корпорациясы облыс үшін егіс науқанын қаржыландыруға 2,8 млрд теңге бөлді. Бүгінде 2,2 млрд теңгеге 68 несие берілді. Субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға 2,5 млрд теңге бөлінген.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу