Қарағанды облысында сібір жарасының ошақтары жерленген жерлерге қоршаулар мен тану белгілері орнатылып жатыр

1242

Қарағанды облысында сібір жарасының ошақтары жерленген жерлерге қоршаулар мен тану белгілері орнатылып жатыр

Қарағанды облысында сібір жарасының ошақтары жерленген 135 жердің 28-не мемлекеттік актілер берілді, және олар жер кадастрына енгізілді. Бұл туралы аппарат отырысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Асанов хабарлады, деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Өңірде сібір жарасының 135 ошағы тіркелген. 2016 жылы 57-сінен сынама алынды. Соның ішінде бүгін 28-і мемлекеттік жер кадастрының базасына енгізілді, оларға мемлекеттік актілер берілді. 22-сі бойынша биыл мемлекеттік актілерді рәсімдеуді жоспарлап отырмыз. 2017 жылы барлық сібір жарасы жерленген жерлер бойынша жұмыстарды аяқтау міндетін алға қойдық", - деді Бауыржан Асанов.
78 ошақтан сынама алу керек. Баяндамашының айтуынша, жұмыстарды жүргізу үшін 480 млн теңге қажет. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді. Зертханалық зерттеулермен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жанындағы сараптама орталығы айналысады. 
Сібір жарасы жерленген жерлерге тану белгілері қойылды. Қауіпті аймақта малдарды жаймау үшін ошақтар қоршалуда. 
Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылы облыста мониторингтік тексерулермен ветеринарлық талаптарды бұзудың 50 аса жағдайы анықталды. Оның басым бөлігі вакцинациялаумен, ветеринарлық өңдеуді дұрыс жүргізбеумен байланысты. 9 жағдайда ветеринарлық препараттарды сақтау ережелері бұзылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу