"Біз қазір ақпарат дайындап жатырмыз. Негізінде біз бұл апаттың болғанын растаймыз. СУ-30 ұшағына қатысты өзге де ақпаратты анықтап жатырмыз" деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Экипаж аман қалды, ал басқа ақпарат нақтыланып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда Қызыл Ту ауылының маңындағы Алматы әуежайына жақын жерде Ан-26 әскери ұшағы құлап, өртеніп кетті. Борттағы алты адамның төртеуі сол жерде қайтыс болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу