Қарағанды облысында су басқан үйлердің саны 60-қа жетті. Келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия мүшелері осындай қорытындыға келген.
Ақсу ауылындағы екі үй жарамсыз күйге түскен. Зардап шеккен 60 отбасыға бір реттік өтемақы ретінде 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 369 200 теңгені аудандық бюджет береді. Сондай-ақ, суға кеткен 89 бас мал мен келтірілген залал мөлшерінің құнын мердігер компания есептеп жатыр.
Шығын есебін жүргізіп жатқан "QazNurtend" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аудандық бюджеттен қаражат бөлінген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу