Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда аймақтық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Аймақтағы жағдай тұрақты.
Облыстық ТЖД бастығының сөзінше, өңірлерде су тасқынына қарсы жедел штабтар құрылған.
Ақпаратқа сәйкес, су тасқынының басталуы 7-10 сәуірде болады деп болжануда.
"13 наурыздан бастап ТЖД құтқару бөлімшелері жалпы ауданы 2350 шаршы метр болатын өзендердің күрделі учаскелерінде мұзды кесу және бұрғылау жұмыстарын бастады. Құрамында 3 мыңға жуық адам, 1388 бірлік техника, 66 жүзу құралы, 360 бірлік су айдау техникасы бар азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді", - деді Мұрат Қатпанов.