Қарағанды облысында суға түсуге рұқсат етілген 76 орын бар

445

Сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған 240 учаске белгіленген.

Қарағанды облысында суға түсуге рұқсат етілген 76 орын бар Фото: gov.kz

Қарағанды облысы ТЖД құтқарушы сүңгуірлері алдағы шомылу маусымына дайындықты бастады. Қауіпсіз жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін олар өзендер мен су қоймаларының түбін зерттеп, тазартады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ТЖД құтқарушы сүңгуірлері алдағы шомылу маусымына дайындықты бастады. Қауіпсіз жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін олар өзендер мен су қоймаларының түбін зерттеп, тазартады.

Сүңгуірлердің басты міндеті – су басқан заттарды, темірбетон қоқыстарын, ағаш конструкцияларды, бөтелкелерді, балық аулау құралдарын, тастарды және басқа да қоқыстарды судан алып шығу.

– Тұрғындардың қауіпсіз демалуын және шомылуын қамтамасыз ету үшін ТЖД құтқарушылары шомылуға және демалуға бөлінген жағажайлар акваторияларының учаскелерін тексеру мен тазалауды бастады. Тексеру шомылуға арналған қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі, – деп атап өтті ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік бөлімшесінің басшысы Владимир Гаврильков.

Су қойманың түбін тазарту тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде болады. Тазалаудан кейін бұл учаскелер сүңгуірлік тексеру актісін алады.

Сондай-ақ, ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық жағажайларда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараты бар стендтер мен шомылуға арналмаған орындарда тыйым салу белгілерін орнатады.

Облыс су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылу маусымында ТЖД құтқару бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу