Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрафактілік алкоголь өнімін дайындау және өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан жалға алынған қоймада суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех ұйымдастырылып, кейіннен Қарағанды облысының базарлары мен дүкендері арқылы өткізіліп отырғаны белгілі болды.
Тінту кезінде жалпы көлемі 10 мың литрге жуық 4 мың дана суррогат спиртінің пластикалық бөтелкелері, 500 литр көлеміндегі 100 дана пластикалық ыдыстар, жалпы көлемі шамамен 12 мың литр 20 мыңнан астам дана әр түрлі шарап және арақ өнімдері тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.