Қарағанды облысында сүт өңдеу кәсіпорны жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр

285

Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 15 тонна сүт өңдейді.    

Қарағанды облысында сүт өңдеу кәсіпорны жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр Фото: gov.kz

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорын өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов бастаған жұмыс тобы кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірісті дамыту және өткізу нарығын кеңейту мәселелерін талқылады.

Кәсіпорын тәулігіне 15 тонна сүт шикізатын өңдеуге қауқарлы. Қазір өндірістік қуат шамамен 85% жүктемемен жұмыс істейді. Мұнда екі өндірістік цех бар және 21 адам еңбек етеді. Кәсіпорын облыстағы сүт өнімдері нарығының шамамен 20%-ын қамтып отыр.

Мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпорынға өндірістік қуатын жаңғыртып, өнім көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген.

Кездесуде жаңа заманауи зауыт салу мәселесі де қаралды. Жаңа нысан іске қосылса, сүтті қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейтуге және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өнім өткізу нарығын кеңейту және кәсіпорынды одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Өңірде жергілікті өндірістерді дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдау депутаттық корпустың бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу