Қарағанды облысында сыртқы жарнаманы дұрыс жазуға көмектесетін Сall-орталық құрылды

1005

Енді жарнама мәтіні, не болмаса фирма, дүкендерінің атауын қазақ тілінде сауатты жазғанына күмәнданғандар осы орталыққа хабарласып, мамандардың көмегіне жүгіне алады. 

Қарағанды облысында сыртқы жарнаманы дұрыс жазуға көмектесетін Сall-орталық құрылды

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге сыртқы жарнамалар мен визуалды ақпарат мәтінін рәсімдеуге көмектесетін бірыңғай Сall-орталық құрылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Енді жарнама мәтіні, не болмаса фирма, дүкендерінің атауын қазақ тілінде сауатты жазғанына күмәнданғандар осы орталыққа хабарласып, мамандардың көмегіне жүгіне алады. 

"Бұл қызмет тек сыртқы жарнамаға қатысты екенін атап өткім келеді. Біз аудармамен айналыспаймыз, бірақ жарнама мәтіні, фирма немесе дүкен атауы қазақ тілінде қаншалықты сауатты жазылғанын тексереміз. Бұл қызмет түрі тегін", – дейді тілдерді дамыту бойынша басқарманың бөлім басшысы Әсел Қашқынбекова. 

8-775-881-40-42, 8-778-355-21-80 нөмірлеріне хабарласу арқылы қызмет алуға болады. Сондай-ақ jarnama09@mail.ru. электрондық поштасына хат жазуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу