Қарағанды облысында тағы бір күн электр станциясы іске қосылды

1928

 Қуаты 40 МВт құрайтын станция Балқаш сияқты 5 қаланы энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. 

Қарағанды облысында тағы бір күн электр станциясы іске қосылды

Қарағанды облысында өңірдегі екінші күн электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Биылғы жылдың қаңтар айында Саран қаласында қуаты 100 МВт болатын алғашқы электр станциясы іске қосылды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі күн станцияларының бірі. Қазір біз "Гүлшат" КЭС-ын ашудамыз. Маусым айында тағы бір станцияны Шет ауданында іске қосуды жоспарлап отырмыз"– деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов нысанды іске қосу рәсімінде.

Гүлшатта күн станциясы бір жылдан аз уақытта салынып болды. 104 гектар жерге 120 мыңнан астам күн панелі орналасқан. Қуаты 40 МВт құрайтын станция Балқаш сияқты 5 қаланы энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Жыл сайын ол 58 млн кВ/сағ астам электр энергиясын өндіретін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу