Қарағанды облысында тауға серуендеуге шыққан екі әйел мен бала бағытынан адасып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Туристер Үлкен бассейнге бет алғанымен, жолдан жаңылған.
ТЖМ құтқарушылары демалушыларды "Сосновый Бор" демалыс үйінен батысқа қарай 5 шақырым жерден тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу