Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде тазылар жарысы өтті, деп inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қансонар-2022" ұйымдастырушысы – Ақтоғай ауданының тұрғыны Құрмаш Нұрпейісов. Ол нағыз қазақи аңшы иттердің жанкүйері және тәжірибесі мол аңшы.
– 5 км жүгіруде бірінші болып жеті тазы келді. Бірінші орынды Балқаштан келген, екінші орынды Қостанайдан, үшінші орынды Көкшетаудан, төртінші орынды біздің облыстан, бесінші және алтыншы орынды Алматыдан әкелген тазылар және жетінші орынды да біздің өңіріміздің иті иеленді. Жеңімпаздар қарашай жылқысымен және ірі қара малмен марапатталды.