Қарағанды облысында "Тегін такси" акциясы бастау алды

714

Игі шараны автокөлік иелері мен жанармай құю бекеттері қолдады. 

Қарағанды облысында "Тегін такси" акциясы бастау алды Фото: gov.kz

Қарағанды облысында мешіттердің ұйымдастыруымен "Тегін такси" қайырымдылық акциясы бастау алды. деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлының сөзінше, "Тегін такси" және "Қолыңнан келсе, қолғабыс бол" қайырымдылық акцияларын өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды мейірімділікке, жауапкершілікке шақыру. Ол тегін такси қызметінің облыс қалаларында ғана емес, ауыл-аймақтарда да жұмыс істейтінін атап өтті.

Ақпаратқа сәйкес, қайырымдылық акциясын жүзге жуық көлік иелері қолдап, жанармайқұю бекеттерінің бірі бензинді тегін ұсынған.

Аязды күндері қала көшелерінде коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық шай да таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу