Қарағанды облысында TikTok-та бейәдеп сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

261

Құқық бұзушылық әлеуметтік желідегі мониторинг кезінде анықталды.

Қарағанды облысында TikTok-та бейәдеп сөз айтқан әйелге айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысында TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтып, әдеп нормаларын бұзған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әйелдің қатысуымен түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Онда оның бейәдеп сөздер айтып, әдеп нормаларына қайшы әрекеттер жасағаны байқалады.

Полицейлер әйелдің жеке басын анықтады. Ол – 1992 жылы туған Нұра ауданының тұрғыны Динара Макаш. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әйелге айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтап, заң талаптарын бұзбауға шақырды. Интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мониторинг жұмыстары жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу