Қарағанды облысында тоғай өртенді

107

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында табиғи өртті оқшаулады.  

Қарағанды облысында тоғай өртенді Фото: gov.kz

Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы Бақты орман шаруашылығының ашық аумағында құрғақ шөптер мен тоғай өрті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ТЖМ әуе кемелерімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды. Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 бірлік техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар ТЖМ Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды", – делінген төтеншеліктер таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу