Қарағанды облысында тұқым тазарту желісі іске қосылады

498

Оның қуаты сағатына 20 тоннаны құрайды.  

Қарағанды облысында тұқым тазарту желісі іске қосылады Фото: google

Биыл Қарағанды облысы Нұра ауданында тұқым тазарту желісін іске қосылады. Оның қуаты сағатына 20 тоннаны құрайды, фракцияларға бөлініп, қапшықтарға салынады. Арнайы жабдық тұқымды калибрлеуге және оны қоқыстардан тазартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының АӨК-де 2023–2026 жылдарға 64 жоба жоспарланған.

"Биылғы жоспарда 24 жоба бар, оның ішінде мал шаруашылығында 10 жоба, өсімдік шаруашылығында – 11 және қайта өңдеу саласында – 3. 150-ден астам жұмыс орны ашылады, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров.

Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсіру Шет, Қарқаралы және Нұра аудандарында бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродукторларды құру және сүт-тауар фермаларын салу есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

2026 жылға дейін 4,1 мың бас сауын сиыры бар сегіз СТФ құрылады. Азық базасын құру үшін суармалы жерлердің ауданы 21,8 мың гектарға дейін ұлғайтылады.

Халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін, әсіресе маусымаралық кезеңде сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Биыл Бұқар Жырау ауданында 7,6 мың тонна картоп қоймасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Осакаров ауданында 4,2 мың тоннаға және Шет ауданында 13,4 мың тоннаға екі картоп қоймасы салынады.

2026 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 49,2 мың тонна болатын бес заманауи картоп пен көкөніс қоймасының құрылысы жоспарланған.

Осакаров ауданында импортты алмастыру шаралары аясында көп қабатты зауыт салынады. Оның қуаттылығы жылына 4 мың тонна жарма өнімін құрайды. Жобаны 2025 жылы іске асыру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу