Қарағанды облысында тұрғын үй кешенінде жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

645

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кентінде газ баллонның жарылуынан орын алған.   

Қарағанды облысында тұрғын үй кешенінде жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты Фото: куәгерлерден

Төтенше жағдай 30 қаңтар күні, сағат 00:07-де, Әуезов көшесінде орналасқан екі қабаттық үйде болды. Жарылыстан кейін екінші қабат өртенбей, толығымен құлап кеткен. Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл штаб жұмыс жасап жатыр. ТЖ-ды  жою үшін 139 адам мен 32 бірлік техника жұмылдырылған.

“30 қаңтар күні сағат 00:07-де Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде 2 қабатты, екінші кіреберісінде 12-пәтерлі тұрғын үйде, Әуезов к-сі, 8а    мекен жайы бойынша жарылыс болған.  Жалпы алаңы 300 шаршы метрге жайылып отыр. Бірінші қабатта  бірнеше пәтер зақымдалған. Барлығы үйде 46 адам тұрды, жарылыс кезінде үйде 35 адам болды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 00:11-ден 03: 37-ге дейін үйінділерден екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды, оның ішінде үш бала әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

"Оқиғада зардап шеккен екі ересек адам Бұқар Жырау аудандық ауруханасында стационарлық ем алуда. Олардың ең көп зардап шеккені 80 пайыздық күйік алды. Жағдайы өте ауыр. Екінші науқас 26 пайыз күйік алды. Жағдайы ауыр, бірақ, тұрақты. Зардап шеккен бала санитариялық авиация желісі бойынша облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауырлығы орташа дәрежеде жеткізілді. Қазіргі уақытта реанимация бөлімшесінде. Бүкіл медициналық көмек толық көрсетілуде", - деді Бибігүл Төлегенова Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу