Қарағанды облысында тұрғын үй кезегінде тұрған 1, 2 мың көпбалалы отбасы бар

941

Облыс әкімі осыған байланысты қабылданған шешімдер туралы айтып өтті. 

Қарағанды облысында тұрғын үй кезегінде тұрған 1, 2 мың көпбалалы отбасы бар

Қарағанды облысында көпбалалы ата-аналарға баспана алу үшін тұрғын үй сертификаттары мен қолайлы несиелер берілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Бұл тақырып өте өзекті. Бүгінде облыста тұрғын үй алу үшін 1 206 көпбалалы отбасы кезекте тұр. Өздеріңіз білетіндей, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша біз кезекте тұрғандардың барлық 11 санаты үшін жылына 300-ге жуық пәтер салудамыз. Осы санаттар бойынша кезекте тұрғандардың саны бүгінгі таңда 36 мыңнан асады. Мұндай қарқынмен біз, әрине, жақын арада баспанаға мұқтаждарды пәтермен қамтамасыз ете алмаймыз", – деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімі осыған байланысты қабылданған шешімдер туралы айтып өтті. 

Біріншіден, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларды несиелендіру үшін ТҚЖБ-ға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінеді.

"Жылдық мөлшерлемесі 2% құрайтын 15 млн теңгеге дейін несие қарастырылған. Бастапқы жарна - 10%. Сонымен қатар, кірістерге қойылатын талаптар белгіленеді: отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жарымнан аспауы тиіс, ол дегеніміз - 44 547 теңге", – деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Екіншіден, облыстық бюджетте осы жылы бастапқы жарнаны субсидиялау үшін тұрғын үй сертификаттарына 1 млрд теңге қарастырылған. Көпбалалы отбасылар да осы қолдауды пайдалана алады. Мысалы, пәтер құны 10 млн теңге болса, тұрғын үй сертификаты 1 млн теңгені құрайтын бастапқы жарнаны толығымен жабады. Алдын ала есеп бойынша, ай сайынғы төлем орташа есептегенде 41 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу