Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

456

Өңірдегі жағдай туралы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа хабарлады.

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі жарияланды  Фото: gov.kz

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауыл соғып, жүзден аса ғимаратқа зақым түсті. Осы орайда облыс әкімі Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін енгізуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы жағдай туралы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа түсініктеме берді.

"18-19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырына, қабырғасына зақым келді. Қираған шатырдың жалпы ауданы — 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабар түсті", — деп мәлімдеді Мұрат Қатпанов.

Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкіміне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды.

Сондай-ақ, ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу