Қарағанды облысында үйсіз жануарларды зарарсыздандыру басталды

497

Бұл процедуралар қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеуге мүмкіндік береді. 

Қарағанды облысында үйсіз жануарларды зарарсыздандыру басталды Фото: gov.kz

Қарағанды облысында қаңғыбас жануарларды аулауға, вакцинациялауға, зарарсыздандыруға және чиптеуге кірісті.

Бүгінгі таңда Қарағанды, Саран және Шахтинск қалаларында үйсіз жануарларды аулау, вакцинациялау, зарарсыздандыру және чиптеу процедуралары басталды. Бұл қалаларда қызмет көрсетушілер анықталған. Ол туралы облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков мәлімдеді.

– Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында қаңғыбас жануарларды аулау, вакцинациялау, зарарсыздандыру және чиптеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі қызмет көрсетуші – Қарағанды ветеринариялық станциясы. Бұл жұмыс зоологиялық қорғаушылармен бірлесіп ұйымдастырылған. Қарағандыда барлық рәсімдерден әзірге 14 ит өтті, олар мекендеу ортасына жіберілді, – деді Қайырбек Тұрсынбеков.

 – Бірінші кезекте біз үйсіз жануарларды мектептердің, оқу орындарының аумағынан және тұрғындардың өтінімдері бойынша аулап аламыз. Сондай-ақ, ЖЭО-1 ауданында қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға арналған учаске анықталды. Құжаттар ресімделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу