Энергетика министрлігінің Жол картасына енген жобаны жүзеге асыру үшін 40 млн теңге жұмсалды. Жалпы Қазақстан жылына үш мың тонна белсендірілген көмірге мұқтаж. Қазір ол Ресей, Украина мен Қытайдан тасымалданады, деп хабарлайды 24Хабар.
Айту кеткен жөн, бұл материал әлемде медицинада кеңінен қолданылса, біздің елде алтын өндірісінде пайдаланылады. Кемаль Усманов, "Шұбаркөл көмір" АҚ президенті: - Тамыз айына қарай тәжірибелік-өндірістік құрылғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол жылына бір мың тоннадай белсендірілген көмір өндірмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу