Бұқар жырау ауданында Алматы–Екатеринбург тас жолында Shacman жүк көлігі өртенген. Кабинасында отырған ер адам газдан уланған.
Ол қазір Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханада жатыр.
Екінші оқиға Шахтинсктегі тұрғын үйдің жанында болған. Онда жеңіл автокөліктің салоны өртенген. Өрт қысқа тұйықталудан шыққан. Ешкім зардап шекпеген.
Үшінші оқиға Теміртау қаласында болған. Өрт сөндірушілер үш автокөліктің де өртін сөндірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу