Қарағанды облысында үш өрт сөндіру бекеті ашылды

1371

Олар Осакаров, Шет және Ұлытау аудандарында ашылды.

Қарағанды облысында үш өрт сөндіру бекеті ашылды

Қазанда Қарағанды облысында жаңа үш өрт сөндіру бекеттері жұмыс істей бастады. Олар Осакаров, Шет және Ұлытау аудандарында ашылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жаңа бекеттер техникамен, қажетті өрт сөндіру-техникалық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілген. Қызметкерлер даладағы өрттер мен елді мекендерде пайда болған тілсіз жауға жедел түрде әрекет ете алатын болады. Ол өз кезегінде қаза болғандар мен зардап шеккендер санын, шығынды азайтуға және өртті бастапқы кезеңінде құрықтауға септігін тигізеді. 
Барлығы Қарағанды облысының аумағында 7 өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді: Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Осакаров және Ұлытау аудандарында. Қосымша өртке қарсы қоғанышпен 14 мың адам тұратын 16 елді мекен қамтамасыз етілген. 
Осы жылдың 10 айында өрт сөндіру бекеттерінің арқасында 8 табиғи өрт жойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу