Ол Қарағанды облысының "Балапан" алаңында оқу-жаттығу ұшуын өткізуге барған. Жанында нұсқаушы болған.
"Әуе қорғаныс күштері әскери институты мен "Балапан" жаттығу орталығы арасындағы келісімге сәйкес, жоғары оқу орнының курсанттары оқу бағдарламасындағы ұшу дайындығы курсы аясында практикалық ұшу жасайды. Әуе қорғаныс күштері басшылығы қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Институт басшылығы әскеридің отбасына көмек көрсетеді", - деп хабарлады институттағылар.
Бұған дейін Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқаны жайлы жазған едік.