Қарағанды облысында үшінші күн электр станциясы іске қосылды

3434

Жобаның жалпы құны – 55 млн еуро. 

Қарағанды облысында үшінші күн электр станциясы іске қосылды

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты  Ағадыр кентінде қуаттылығы 50 МВт-ты құрайтын күн электр станциясы салдынды. Нәтижесінде Қарағанды облысы жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша көшбасшы өңірге айналды. Бұл ағымдағы жылы аталмыш аймақта іске қосылған үшінші ірі станция. 

"Бұл жоба өңіріміздің өнеркәсібін дамыту үшін өте маңызды. Күн энергиясын дамыта отырып, біз қуат тапшылығын еңсеріп қана қоймай, экологиялық мәселелерді де шешеміз",– деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров. 

Шет ауданындағы күн электр станциясы 125 гектар жерді алып жатыр. Мұнда қуаттылығы жоғары қосалқы станциялар мен 150 мың гелиопанель орнатылды. Жобаның жалпы құны – 55 млн еуро.

"Бұл біздің Қарағанды облысында іске қосып отырған екінші күн электр станциямыз. Аталмыш жобалар неміс инвесторлары, облыс әкімдігі және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асуда", – деді жобаның бас инвесторы Йохим Голдбек.

Іске қосылған КЭС-ның өнімділігі сағатына 25 МВт энергияны құрайды. Болашақта станцияның қуаттылғын 76 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының Саран мен Гүлшат кентінде екі күн электр станциясы жұмыс істейді. Бұлардың қатарына енді Ағадыр кентіндегі станция қосылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу