Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Онда БЖСМ-нің 40 спортшысы шеберліктерін шыңдай алады, деп хабарлайды olympic.kz.
Қарқаралылықтар (жаттықтырушы Әлия Әмірханова) соңғы уақытта облыстық және республикалық додаларда көш бастап жүр. Ал 11 жасар Юрана Ибраева үнемі үздіктер қатарынан көрінуде. Сонымен қатар, оқушылар арасында 12 жасар Ескендір Мақатай мен Зейнұр Қанатұлы Қарағанды облысының құрама командасының намысын абыроймен қорғап жүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу