Қарағанды облысында "Уылдырық шашу" акциясы басталады

726

15 сәуірден 30 маусымға дейін Қарағанды облысының өзендері мен су айдындарының аумағында "Уылдырық шашу" акциясы өтеді. 

Қарағанды облысында "Уылдырық шашу" акциясы басталады Фото: gov.kz

Уылдырық шашу кезеңінде 15 сәуірден 30 мамырға дейін Қарағанды облысы шегінде Қ. Сәтбаев атындағы арнада балық аулауға тыйым салынады. Тек бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, торта, ақтабан, алабұға, мөңке балық және шортан аулауға ғана рұқсат етіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

20 сәуірден 20 мамырға дейін Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында көксерке, тұқы аулауға тыйым салынады. Алайда тыйым 1 мамырдан 30 маусымға дейін басқа балық түрлерін аулауға алынып тасталады. Сондай-ақ, осы кезеңде спорттық, әуесқойлық және кәсіптік балық аулауға қатысуға болады.

Балық аулауға тыйым салу мерзімі аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып анықталады. Акция кезеңінде табиғат қорғау органдары қызметкерлерінің назары балық аулау, балық пен балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе өткізу, тасымалдау фактілерін анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады.

Тыйым салуды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу