Қарағанды облысында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған 3 жанармай құю станциясы анықталды, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласының аумағында және Қарағанды-Екатеринбург тас жолының бойында мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеусіз жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы 3 жанар-жағармай құю станциялары желісін анықталды. Заңсыз айналымдағы өндірілген жері белгісіз мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 15 000 литрді құрайды", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралмақ.