Қарағанды облысында заңсыз сақталған қаруды сатып алу науқаны аяқталды

889

Қарағанды облысында заңсыз сақталған қаруды сатып алу науқаны аяқталды

Қарағанды облысында халықтан заңсыз сақталған қарулар мен оқ дәрілерді сатып алу акциясы аяқталды. Екі апта аралығында бұл науқанды аймақтың 60 тұрғыны пайдаланып, полицияға 91 дана түрлі оқ қаруларын тапсырған.
Тұрғындардан заңсыз сақталатын оқу қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды сатып алу кезекті акциясы 10-шы сәуірде басталған болатын. Екі апта өткен соң, 23-сәуірде қаруларды сатып алуға бөлінген қаражаттың толықтай игерілуіне байланысты, аталмыш науқанның аяқталуы жарияланды. 
Заңсыз сақталып келген оқ қаруы бар азаматтар өз еріктерімен оны полицияға тапсыра алады. Алайда оған сыйақы төленбейді. 
Тұрғындардан қару-жарақтарды сатып алу бойынша шаралар Қазақстанда 2012-ші жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында азаматтар өз еріктерімен жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құраған 30,4 бірлік оқ қаруын, 130 жарылғыш заттар, 1 миллионнан астам иір ойықты мылтықтарға арналған патрондарды тапсырған.
2017-ші жылы қарағандылықтан 126 бірлік оқ қаруын, 800-ден астам иір ойықты мылтықтарға арналған патрондар тапсырған. Ақшалай төлемдер 7,2 млн теңгені құрады. 
2018-2019 жылдары қаруларды сатып алуға республикалық бюджеттен 234,1 млн теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу