Qarmet кәсіпорнындағы қылмыс: Заңсыз темір ұрлаған 13 адам ұсталды

415

Полиция темір ұрлап, заңсыз жолмен байымақ болғандарды анықтады.  

Qarmet кәсіпорнындағы қылмыс: Заңсыз темір ұрлаған 13 адам ұсталды Фото: polisia.kz

27 сәуір күні жүргізілген жедел шаралар барысында Qarmet АҚ-да заңсыз схемалар ұйымдастырған топ ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тергеу мәліметінше, күдіктілер кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.

Осының салдарынан кәсіпорынға шамамен 190 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.

Тінту барысында күдіктілерден ірі көлемде ақша қаражаты мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу