Қарағанды облысында зауыттың құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

144

Жазатайым оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында зауыттың құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты Фото: объектив восток

Қарағанды облысында жаңадан салынып жатқан зауыт алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Жұмысшы монтаждау жұмыстары кезінде биіктен құлап кеткен. 

Еңбек инспекциясы департаменті қаза тапқан азаматтың қосалқы мердігер ұйымның қызметкері болғанын хабарлады. 

"Салынып жатқан Qaragandy power Silicon зауытында монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары кезінде қосалқы мердігер компанияның қызметкері биіктен құлап кетті. Еңбек инспекциясы департаментінде тиісті оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылады",  – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу