Қарағанды облысында жаңа сүт фермалары ашылады

751

Биыл облыста аграрлық- өнеркәсіптік кешенде 24 инвестициялық жоба жоспарлануда. 

Қарағанды облысында жаңа сүт фермалары ашылады Фото: Inform.kz

Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Асқар Санаубаров аппараттық жиналыста биылғы жылы қандай инвестициялық  жобалардың жүзеге асырылатыны жайында мәлімдеді. Аймақта сегіз сүт - тауар фермасы құрылып үш жаңа картоп қоймасы ашылады. Қазіргі уақытта облыста картоп пен көкөністерге арналған 134 қойма бар.

“2023 жылы 155 жұмыс орнын құра отырып, 14,2 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, олардың ішінде:

  •  мал шаруашылығында-1,8 млрд.теңге сомасына 10 жоба, 56 жұмыс орнын құрумен.
  •  өсімдік шаруашылығында-11,8 млрд.теңге сомасына 11 жоба, 79 жұмыс орнын құрумен.
  •  қайта өңдеуде-20 жұмыс орнын құрумен 0,6 млрд.теңге сомасына 3 жоба.

Жол картасы шеңберінде қайта өңдеу саласында қуаттылығы жылына 33 мың тонна жарма өнімін шығару зауыты (Осакаров ауданы "Найдоровское" ЖШС, жоба сомасы 2,3 млрд. теңге) және қуаттылығы 180 тоннаны құрайтын диірмен салу сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда”,- деп мәлімдеді Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Асқар Санаубаров.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жоспарға қойылған. Ол үшін жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдікпен шағын несие беру көзделген. Биыл облыс бойынша 653 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев ауылдың әл - ауқатын арттыруға бағытталған инвестициялық жобалардың дер кезінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек деген тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу