Қарағанды облысында жаттығу кезінде жарақат алған бала көз жұмды

948

Полиция қызметкерлері баланың "каратэ" секциясында жаттығу кезінде дене жарақатын алғанын, ол арада жаттықтырушының да болғанын анықтады.

Қарағанды облысында жаттығу кезінде жарақат алған бала көз жұмды

Қарағанды облысында 8 наурызда облыстық кардиологиялық орталыққа жедел жәрдем бригадасы Дубовка ауылынан 14 жасар баланы жеткізді. Дегенмен, науқасты құтқарып қалу мүмкін болмады, бала көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Полиция қызметкерлері баланың "каратэ" секциясында жаттығу кезінде дене жарақатын алғанын, ол арада жаттықтырушының да болғанын анықтады. Болған оқиғаны жан-жақты қарастырып, толық зерттеу үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесіне қарап, жаттықтырушы мен жедел жәрдем әрекетіне баға берілетін болады", –  дейді облыстық ПД-ден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу