Қарағанды облысында жем-шөптің 80%-ы жиналған

642

Шөп шабу науқанына 30 мыңға жуық техника жұмылдырылды. 

Қарағанды облысында жем-шөптің 80%-ы жиналған

Қарағанды облысының фермерлері мал азығын дайындауды жалғастыруда.  

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек дайындау науқаны мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді.

"Бүгінгі күні жоспар бойынша 2,3 млн тонна болса, 1 млн 860 мың тонна ірі жем дайындалды, оның ішінде 292,2 мың тонна көпжылдық шөп, немесе белгіленген көлемнің 80%. Бұл республикадағы төртінші көрсеткіш", – деді Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сырым Бошпанов.

Бұдан басқа, 6,5 мың тонна пішендеме, 1,5 мың тонна сүрлем дайындалды.

Кеңесте сондай-ақ Ұлытау ауданындағы табиғи өрттерден зардап шеккен фермерлерге қандай көмек көрсетілгені туралы айтылды.

Өртенген шабындық жерлер үшін өтемақы ретінде тараптардың келісімі бойынша қосалқы жерлерден және фермерлердің пайдаланылмайтын жерлерінен алаңдар бөлінеді. Өрт кезінде қаза болған мал үшін фермер 17 млн теңгеге жуық қаражат алады.

Мемлекет тарапынан шөп шабу науқанына қосымша 3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Шөп дайындаушылармен 40%-дан астам мал шоғырланған жеке қосалқы шаруашылықтар үшін шөп бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойылады.

Мәселелерді жедел шешу үшін өңірлік штабтар жұмыс істейді.

 



 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу