Жемқорлықпен күресетін ведомствоның қызметкері ұсталды

655

Жемқорлықпен күресетін ведомствоның қызметкері ұсталды

Қарағанды облыстық Балхаш өңірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ауданаралық бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған коммерциялық құрылымдарға қорған болғаны үшін, мемлекет қаражатын жымқыруға қатысы бар деген айып тағылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты.

Алдын ала тексеру шараларын ішкі қауіпсіздік басқармасының мамандары жүргізген.

Ал өзге мәліметтер тергеу амалдарына байланысты жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу