Қарағанды облысында жеңіл көлік екі баланы және сиырларды қағып кетті

974

Ауыл тұрғындарының айтуынша рөлге ие бола алмаған көлік жүргізушісі аудандық мәслихат хатшысы. 

Қарағанды облысында жеңіл көлік екі баланы және сиырларды қағып кетті Фото: Новости Караганда парақшасынан

2 шілде күні Бұқар жырау ауданында Ботақара-Доскей тас жолында ауданға қарасты ауылдардың бірінің маңында "Ниссан" автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп жатқан малға соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші азаматша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, 8 және 16 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар мінген мотоциклді соққан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Әлеуметтік желіге бейнежазба таратқан Доскей ауылының тұрғындары көлік басқарған әйел адамды Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы деп мәлімдеді.

“Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен толық және жан-жақты тергеу амалдары жүргізілетін болады,”- деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

 Көлік  жүргізушісі Аманат партиясының Бұқар жырау аудандық филиалының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты екені анықталды. Депутат бұл кезде еңбек демалысында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу