Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соғысып, екі жолаушы қаза тапты

417

15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соғысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соғысып, екі жолаушы қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу